Ақын құдіреті – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақын құдіреті» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1005
Алыстап кетсем,
Тауларым,
Мені іздеп көшіп кетердей.
Ауылым түгіл,
Ауданым
Соңымнан қуып жетердей.
(Н. КӨБЕНОВ. Көкше. 28-бет)
Мен болмасам бұл тірлік
Қызығы жоқ бекердей.
Барлығы да бір күндік,
Қас қағымда өтердей.
Ақындықты ту етіп,
Қалай жүрем көтермей.
Кең далада зу етіп,
Зымыраймын бөкендей.
Көкшетауым көзіме
Көрінеді көкемдей.
Мен болмасам,
Өзі де
Төмен шөгіп кетердей.
Мен болмасам бау-бағым
Мүлде өшіп кетердей.
Мені іздеп ауданым
Бірге көшіп кетердей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын құдіреті өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақын құдіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын құдіреті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын құдіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері