Тұсаукесер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тұсаукесер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5112
Былтырғыдан, балдырған,
Қалдың біраз есейіп.
Жарылқасын алдыңнан,
Тұсауыңды кесейік.
Тұсаукесер – ежелгі
Дәстүр-салты халқыңның.
Адымда да тез енді,
Алға қарай талпынғын.
Алаңдама жетекке,
Қалдың, қалқам, есейіп.
Оралма енді етекке,
Тұсауыңды кесейік.
Бар баланы жинайық,
Жаяу жарыс жасайық.
Көршілерді сыйлайық,
Шай қойып, ет асайық.
Қосыларсың қатарға,
Адам болсаң есейіп.
Аттан ұлы сапарға,
Тұсауыңды кесейік.
Арман қуып самғасаң,
Сан өткелден өтерсің.
Талпынудан талмасаң,
Мұратыңа жетерсің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұсаукесер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тұсаукесер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұсаукесер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұсаукесер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері