Көпірде

Бұл бетте «Көпірде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1185
Дәл көпірдің үстінде
Бала аюлар жолықты.
Бұрын өтер күш кімде?
Сынамақшы болыпты.
«Сенен бұрын өтем!» – деп,
Екеуі кеп тіресті.
«Менің белім бекем!» – деп,
Екеуі кеп сіресті.
Екеуі де бір кезде
Суға барып құлады.
Келіспесең бір сөзге,
Осылай боп тынады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көпірде өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көпірде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көпірде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көпірде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері