Санамақтар

Бұл бетте «Санамақтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 35623
1
Бір дегенің – білім,
Білім – жарық күнің.
Екі дегенің – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Үш дегенің – үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Төрт дегенің – талап,
Талмайтұғын қанат.
Бес дегенің – бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Алты дегенің – арман,
Атар таңың алдан.
Жеті дегенің – жігер,
Жетер жерін білер.
Сегіз дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің.
Тоғыз дегенің – талғам,
Тура жолды салған.
Он дегенің – Отан,
Отанды сүй, ботам.

2
Бір дегенің – балық,
Байқа суға барып.
Екі дегенің – елік,
Елік тауға көрік.
Үш дегенің – үйрек,
Салар суға ирек.
Төрт дегенің тауық,
Жүр жұмыртқа тауып.
Бес дегенің – барыс,
Аузы кере қарыс.
Жеті дегенің – жайран,
Желден жүйрік хайуан.
Сегіз дегенің – сұңқар,
Сұңқар көкке шырқар.
Тоғыз дегенің – тұлпар,
Тұлпарға әркім іңкәр.
Он дегенің – ортеке,
Қой бастаған ер теке.

3
Бір дегенің – білек,
Екі дегенің – елек,
Үш дегенің – үлек,
Төрт дегенің – түлек,
Бес дегенің – балақ,
Алты дегің – алап,
Жеті дегенің – желек,
Сегіз дегенің – сенек,
Тоғыз дегенің – торап,
Он дегенің – орақ.

4
Бір дегенің – берік,
Екі дегенің – ерік,
Үш дегенің – үміт,
Үш дегенің – үміт,
Төрт дегенің – түбіт,
Бес дегенің – білік,
Алты дегенің – арық,
Жеті дегенің – жілік,
Сегіз дегенің – сырық,
Тоғыз дегенің – тобық
Он дегенің – ойық.

5
Бір дегенің – белің,
Екі дегенің – елің,
Үш дегенің – үйің,
Төрт дегенің – түйін,
Бес дегенің – бұйым,
Алты дегенің – айың,
Жеті дегнің – жайын,
Сегіз дегенің – сайың,
Тоғыз дегенің – тайың,
Он дегенің – ойын.

6
«Бір» дегенің – жаман баға,
Алады оны жаман бала.
«Екі» дегенің нашар баға,
Інішегім, нашарлама.
«Үш» дегені – орта баға,
Сапасы да орта ғана.
«Төрт» дегенің – жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«Бес» дегенің – үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.

7
Бір дегенің – басбармақ,
Барлық істі басқармақ.
Екі дегенің – балалы үйрек,
Ақ қағазға салады ирек.
Үш дегенің – ортан терек,
Еңбек етіп, болған зерек.
Төрт дегенің – шылдыр шүмек,
Тілі тәтті былдыр түлек.
Бес дегенің – кішкене бөбек,
Үлкендерден үйрене бермек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санамақтар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Санамақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санамақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санамақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері