Арман қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Арман қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3298
Әнін жазған Павел Ли

Көріп едім бір қызды,
Алтын айдай нұр жүзді,
Ғайып болды.
Өкінемін өзім де,
Таныспауым кезінде –
Айып болды.
Жасықпын-ау, жасықпын,
Дей алмадым ғашықпын,
Сол аруға.
Бірден батып бой бұра,
Жарамадым мойнына
Оралуға.
Қайырмасы:
Сол бір қыз-ақ арманым,
Көргенше алаңдадым,
Күн-түні іздесем де,
Мен оны таба алмадым.
Сол бір қыз арман құсым,
Аяулы мәрмәр мүсін.
Қайда жүр, қайда сол бір
Арайлы арман қызым?
Аңсауменен келемін,
Енді қашан көремін
Арман қызды?
Көңілдерді қоса ма?
Бақыт болып тоса ма
Алдан бізді?
Жүрмін әбден сағына,
Арман қызға тағы да
Кезігем бе?
Сол сұлуды тапқанша,
Мол қызыққа батқанша,
Көз ілем бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арман қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері