Шілдехана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шілдехана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4569
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Бүгін бізде шілдехана, туғандар.
Үйімізде тамаша бар, думан бар.
Келіңіздер қуанышқа ортақ боп,
Ән салыңдар, би билеңдер, тұрмаңдар.

Қайырмасы:
Қуат құйып көңілге,
Перзент келді өмірге,
Шілдехана – тойымыз
Менің-дағы, сенің де.
Бала – біздің бағымыз,
Жарқын болашағымыз.
Балалы үй базарлы,
Жалындайды жанымыз.
Өсе берсін сәбилер,
Әнге толсын бар үйлер.

Келді, міне, келер күннің адамы,
Құтты болсын нәрестенің қадамы.
Өмір-бақи өшпейтұғын шырағы –
Әрбір отау баласымен бағалы.

Қайырмасы.

Бала – біздің әніміздің арнасы
Бала – біздің жырымыздың жалғасы.
Шалқи берсе шілдехана тойымыз,
Шарықтасын, шат көңілдер самғасын.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шілдехана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шілдехана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шілдехана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шілдехана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері