Мен сені қалай көрдім

Бұл бетте «Мен сені қалай көрдім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2030
Мен сені қалай көрдім,
Қасыңа жанай бердім.
Жалт еткен жанарыңмен
Жаныма арай бердің.
Қыздарды талай көрдім,
Саралап санай бердім.
Ерекше бір өзіңе
Қадалып қарай бердім.
Білмеймін, қалай көрдім?
Қасыма қалай келдің?
Мерейлі нұр жүзіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Бағыма балай бердім.
Сүйкімді сымбатыңа
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім?
Еркіңе қалай көндім?
Келісті келбетіңе
Келеді қарай бергім.
Мен сені қалай көрдім –
Салтанат сарайға ендім.
Перизат періштеме
Өзіңді балай бердім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сені қалай көрдім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен сені қалай көрдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сені қалай көрдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сені қалай көрдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері