Ерік – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Ерік» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 672
Тағдыр - менің туған әкем.
Ащы қайғы - абзал анам,
Ағаларым құшағыма
Жоламайды, болса да адам;
Мін санайды бойларына
Аймаласып - айналуды
Мендей ғаріп –
Жетім жаннан!
Бірақ тәңір берді есіркеп,
Жас келіншек жайнаңдаған,
Берді еркіндік теңдесі жоқ,
Берді ерік жайраңдаған;
Еркіндікпен таптым бірге,
Өзге туыс, ата-ана,
Әкем менің - алыс аспан,
Анам менің - байтақ дала;
Бағып-қағып өсірді олар,
Сусын, қорек - дайын бәрі;
Ағаларым - қара орманның
Қарағай мен қайыңдары.
Маған дала үн қатады,
Жүйрік мініп шапсам заулай;
Жүрсем кезіп түнде тағы –
Сәуле себер аспаннан ай;
Ағаларым жазды күні,
Жайқатылып жапырағы,
Изеп басын, бұлғап қолын,
Саясына шақырады;
Салды еркіндік маған ұя,
Кеңдігі де сол ұяның –
Кеңдігіндей дүнияның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерік өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Ерік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері