Бәйтерекке – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Бәйтерекке» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 727
Біраз болды тұратынсың сүйінтіп
Жамылып сен көз алдымда жасыл нұр.
Қабығыңа мені теліп күй ынтық
Сендім оған арманымды асыл бір;
Бір жыл бұрын қос бойтұмар жап-жарық
Сәулеленіп көлеңкеңде тұр еді;
Ешқандай кір сақтай алмас, ақтарып
Мүбәрәк пәк балалардың жүрегі!..
Солай, иә! - сәби болып әй тегі! –
Іңкәрліктің жеңіл түсі өткендей;
Үміт жібі нәзік келсе қайтемін
Қас-қағымда сол үзіліп кеткендей.
Махаббатым солды менің сонымен
Қайта бүршік атпайды, оған наламын;
Өтесем ғой қанмен өмірін оның мен, -
Бірақ, қайтіп барды өзгерте аламын?
Шабыт сөніп, ыстық сезім суып ең
Қалай сөйтіп оралмастан кетеді?
Сал тіршілік толқынының шуымен
Жас жүрекпен күрессем мен не етеді?
Жоқ, жоқ, — мәңгі рухым өз күшінде,
Ғасырларды көктей өтіп барады
Бұл бұтақтар қабірінің үстінде
Шерлі әншіні әспеттесе жарады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәйтерекке өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Бәйтерекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәйтерекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәйтерекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері