Ақ дегелек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ дегелек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6287
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Ақ дегелек – аппақ қана аруым,
Әсем еді баптап қанат қағуың.
Жақсылықтың, жақсы үміттің құсы деп,
Ардақтайтын сені бүкіл ауылым.
Ақдегелек – таранушы ең паңдана,
Сымбатыңа қараушы едім таңдана.
Жылы ұяңды, бізді тастап бір күні,
Кеттің ұшып мекенің боп маң дала.
Ақдегелек – сағынышым, – сұлуым,
Суытпашы жүрегіңнің жылуын.
Туған жерден қанша алыстап кетсең де,
Керек-ақ қой мойныңды бір бұруың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ дегелек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақ дегелек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ дегелек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ дегелек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері