Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Жаулану

Бұл бетте «Жаулану» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Жаным сыздап отырмын жарылардай,
Бір қызыл шоқ тәнімді қарығандай.
Малын алсаң ала бер, жанын алсаң,-
Мынау бейбақ халықтың арын алмай!..

Оқиғалар тууда мүлде шетін,
Қарын үшін болыпты күн кешетін.
Ару қызы қазақтың қайдағы бір,-
Кок аттыға көлденең мінгесетін...
кез болғаны-ай...
ұятым қолды болған,
Серіппейтін тұяғын сорлы болған.

Не биліктен, не елден тиым болмай,-
Не жігіттер шықпайды орғып ордан.
Қыздарыңа қырғидай тиіп бөтен,
Жаттар жалмап жатқанға күйіп кетем.
Қыз бұлқынбай бұл күнде, ер жұлқынбай,
Тапталасың осылай «күйіс» десең!..

Қызын зорлап басқанда Жапон келіп,
Бас көтерген қытайда от ән керіп.
Қыз намыссыз, ерлер ез... селт етпейді,-
ауланғаны жас қыздың –отан деп ұқ!
Ғылым іздеп барған қыз байланады,
Мем-арнадан мақтанға айналады.

Қысық көзбен, қаралар қызықтап жүр,-
Төсек салып төріңе... аймалады.
Иман кетсе, ар кетсе ет өледі,
Табылмай тұр әзірге кесел емі.
«озық» елге жетерміз ақшамызбен,-
Қайтіп қана намысың өтеледі?! (ДБ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаулану өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жаулану өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаулану өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаулану өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері