Бірінші класс

Бұл бетте «Бірінші класс» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2965
Бірінші класс, ыстықсың маған оттай,
Данышпан да кеткен жоқ саған соқпай,
Ақындар да кеткен жоқ саған соқпай,
Батырлар да кеткен жоқ саған соқпай.
Кеудесінде ақ жаңбыр, ауа жұмсақ,
Жаттың жалпақ бір өзің далаға ұқсап.
Бірінші класс, партаңа қойды барып,
Қызыл гүлдей алаулап балалық шақ.
Көбелектей көл кезген кеп балдырған,
Бірінші класс, өзіңнің өтті алдыңнан.
Бірде жел боп, толқыды бірде көл боп,
Төрт бұрышты дүние— төрт қабырғаң.
Қысты күні ойнаған қалалар сап,
Жазды күні гүл терген даланы аңсап,
Келді ме деп ойыннан адасар шақ,
Жалқауланып қозғалды бала саусақ.
Күрес емес соғатын жамбасқа алып,
Қиын болды бәрінен алғашқы әріп.
Сол бір әріп көлденең тұрып алды,
Жатқан мұзарт асқардай қар жастанып.
Сол тіректей жер-көкті жалғастырсаң,
Қиын болды одан соң алғашқы сан.
Доптай әріп,бір таяқ алғашқы сан
Келмеді оған, не керек; алғаш мұршаң.
Қайырым жоқ күткенмен жолдасыңнан,
Жолда тоқтап өзіңдей ол да ашынған.
Бірінші класс, бірінші қайран ұстаз,
Алып шыққан арқалап сонда асудан.
Содан кейін жер-көктің сөзін біліп,
Тәй-тәй басып кетесің өзің жүріп,
Бірінші класс, өзіңде данышпандық,
Бірінші класс, бір сенде төзімділік.
Бірінші класс ыстықсың маған оттай,
Данышпан да кеткен жоқ саған соқпай,
Ақындар да кеткен жоқ саған соқпай,
Батырлар да кеткен жоқ саған соқпай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірінші класс өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бірінші класс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бірінші класс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бірінші класс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері