Қылықты қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қылықты қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3682
Жалт-жұлт етіп жүрісің-ай,
Күншуақтай күлісің-ай.
Сылдыраған бөктердегі
Ерке бұлақ үнісің-ай.
Айдың әппақ нұрысың-ай,
Қырдың қызыл гүлісің-ай.
Жан тербеген қылығыңмен,
Жігіттердің пірісің-ай.

Қайырмасы:
Ей, қылықты қыз, қылықты қыз,
Желіктірген жігітті, қыз.
Сендей сылқым сымбаттыдан
Бәріміз де үміттіміз.
Көрген күннен, қалқатай-ау,
Жүректерді жібіттіңіз.
Ақылы сай ажарына,
Махаббаттың базарына
Қандай ана туыпты қыз?
Ей, қылықты қыз, қылықты қыз.
Бал қаймақтай кілкілдеген,
Тал шыбықтай шіркін денең.
Басқан ізің білінбейді
Боз жорғадай бүлкілдеген.
Жайнап тұрған бір гүл дер ем,
Сайрап тұрған бұлбұл дер ем.
Жігіттерді жаутаңдатып,
Арбайсың наз күлкіңменен.

Қайырмасы:
Ей, қылықты қыз, қылықты қыз,
Жүректерді жылыттыңыз.
Сөйте тұра сыпайылық,
Инабатты ұмыттыңыз.
Кергімеші, қалқатай-ау,
«Шаруаңыз шығып тығыз».
Жақұт тастай бір жалт етші,
Туған айдай бір жарқ етші,
Сырып тастап бұлытты, қыз.
Қанбасақ та шырыныңа,
Алмасақ та сыр ұғына,
Бас иеміз бәріміз де
Кереметтей қылығыңа.
Теңеп тұма тұнығына,
Таңданамыз қылығыңа.
Қай жігітті, қалқатай-ау,
Түсіресің құрығыңа?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қылықты қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қылықты қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қылықты қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қылықты қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері