Ақын арызы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақын арызы» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1122
Ақын деген абыройлы атым бар,
Жырларымда жалын да бар лапылдар.
Асқар таудай арқа тұтып,
Алыстан
Кеп жатады жанымды ұққан жақындар.
Келсе келсін,
Қуанбайын мен неге?
Төрім дайын өзім деген пендеге.
Есігімді айқара ашып, қарсы алам,
Қазақ, сірә, кең пейілге кенде ме?
Бір-бірінен артпаса да айлығым,
Қат-қат кітап – жиған-терген байлығым.
Әлі күнге жыр жазудан жалықпай,
Өтпепті ғой өмірде бір жай күнім.
Уақытпен қайнап-пісіп баста өлең,
Талай жерге келіп қапты жас деген.
Жазғанымды бастырудан басқадай
Қиыншылық көрмеппін-ау, әсте мен.
Қанат қаққан көңілімнің тұсынан
Жүрекжарды жарларымды ұшырам.
Ал, бірақ та, қонағыма жұп-жұқа
Кітабымды ұсынуға қысылам.
Тұрмысымды жұп-жұпыны шамалап,
Ақын деген осы ма деп, табалап,
Бар құнымды байлықпенен бағалап,
Ағайынның аулақтауы жаман-ақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын арызы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақын арызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын арызы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын арызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері