Ұрпаққа

Бұл бетте «Ұрпаққа» атты Марфуға Бектемірова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2271
Ойламаңыз ақын ғой деп бізді өзге,
Жапырақ боп жылайтынбыз күз келсе.
Құдай қанат бергеннен соң қырандай,
Ұшып жүрдік қарамастан тіл-көзге.
Біреу сенер, біреу сенбес бұл сөзге,
Шүпілдеп кеп тұнып тұрған нұр көзге.
Аққулардың ақ қанатын жамылып,
Біз де сендей өлең жаздық бір кезде.
Жүруші едік ақ гүлдердей үлбіреп,
Тау суындай таза едік, мөлдір ек.
Өлең деген қасиетті аппақ құс,
Айдындарда жүзуші еді мөлдіреп.
Қанатымыз ақ бұлттармен ұштасып,
Бойымызда қайнап тұрған күш тасып.
Сол ақынды бір көрсек деп армандап,
Сыртымыздан болып жүрді жұрт ғашық.
Аласұрдық қалса егер жыр келмей,
Сонша асықтық қалатындай үлгермей.
Бәрін жырлап өтеміз деп ойладық,
Жердің үсті еншімізге тигендей.
Біз де сендей болатынбыз ойласам,
Жүрек шаншар тереңдерге бойласам.
Ескертеді қансыраған жүрегім:
«Өлесің» деп жыр жазуды қоймасаң.
О, мен қанша қиянатты кешірдім,
Лаулап жанған өсек отын өшірдім.
Таза болдым толқынындай Тобылдың,
Жұмсақ болдым жағасындай Есілдің.
О, мен қанша еліктерді құтқардым,
Ауызына сұм ажалдың тік бардым.
Құдайымды іздеп таптым ақыры,
Біреуінен пана таппай «пұттардың».
Ұрпағыма қалдырам деп ұнамды ән,
Көзімді алмай жүрмін енді Құраннан.
Адам түгіл аңның өзі адасқан,
Жердің үсті көрінбейді тұманнан.
Жанды бүріп ішімде бір жылайды ән,
Аспан жақтан Айды көрдім мұңайған.
Өзім үшін, ұрпақ үшін, ел үшін,
Кешірімді сұрап жүрмін Құдайдан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрпаққа өлеңінің авторы кім?

Марфуға Бектемірова — осы өлеңнің авторы.

Ұрпаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұрпаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Бектемірова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрпаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері