Замананың адамы – Ғұмар Қараш

Бұл бетте «Замананың адамы» атты Ғұмар Қараш жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6041
Заман азған шағында
Түрлі де, түрлі күй болды,
Құлдан туған би болды.
Сансыздарға сан тиіп,
Салмақтанар күн болды.
Жиһан жүзін бұлт алып,
Мұнар басып түн болды.
Қиянға пікір жүргізген,
Асылдығын алты алашқа білгізген.
Қара қазан қамы үшін,
Тереңнен хиял ойлаған,
Еш бітірмей қоймаған
Қашағаншыл талай жүйріктің
Биліктері өз басына мін болды.
Аққа баға қоя алмай
Қараның жолы пұл болды.
Сөзден ою ойдырған,
Жылаған бала қойдырған,
Неше шешен, шайырлар
Ойдағысын айта алмай
Сөйлер сөзге мұң болды.
Асылсынған жігіттің
Сыр, сипаты ашылды.
Ашылғаны емес пе?
Соны да қадір, пұл көріп,
Болыстық үшін шашылды,
Мақсатымды етем деп,
Мұратыма жетем деп,
Биасылға бас ұрды.
Бас ұрғанмен не тапты?
Алақандай қағаз жолына
Дін-дүниесін сарп етіп,
Адамдығын қашырды.
Әй жігіттер, жігіттер,
Адамдық деген ақ жолды
Алға сала жүріңіз.
Адамға лайық асыл сөз
Құлаққа ала жүріңіз.
Мынау бес күн тірлікте
Бірлік ете көріңіз
Арқадан боран соққан күн,
Алыс жерден жау жетіп
Бір түбекке тыққан күн.
Алты бақан алалық,
Жүректерін қаралық,
Өзді-өзіңіз алысып,
Ырылдасып, қабысып,
Әлсірейтін мінезден
Аулақ жүре көріңіз.
Қазақтықта бір сөз бар:
«Алтау ала болғанда
Ауыздан жемін кетірер.
Төртеу түгел болғанда,
Төбеден жерге келтірер».
Атаның айтқан бұл сөзі
Аңдай жүре көріңіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Замананың адамы өлеңінің авторы кім?

Ғұмар Қараш — осы өлеңнің авторы.

Замананың адамы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Замананың адамы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғұмар Қараш өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Замананың адамы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері