Бұлт тарап көгілдір көгімдегі – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Бұлт тарап көгілдір көгімдегі» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1052
Бұлт тарап көгілдір көгімдегі,
Атқа қондым «Алла!» деп тебінгелі.
Жеті атамның атына құран оқып,
Салт-дәстүрден айнымай елімдегі.
Ер қаруы – бес қару түгелденіп,
Жолға шықтым түтеген түменге еріп.
Жолдас қылдым, қаламды қара көріп,
Алты малта асымды үнем көріп.
«Бисмилла!» деп бастадым сөздің жайын,
Тамызық қып отына көздің майын.
Сөйтіп жүріп жотаға шығыппын-ау,
Будақтаған шаңымды сезбедің бе, айым?
Ата жолы менің де жолым дедім,
Шаң астынан көрінер қолым менің.
Жолықтырып Алланың қазынасын,
Таусылғандай болып тұр сорым-кенім.
Естілгенде даусы да жаңғырықтың,
Қосын-қосын көп оймен сән құрыппын.
Төрлет деді Тұранның төркін жұрты,
Басталғаны осы екен мәңгіліктің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт тарап көгілдір көгімдегі өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Бұлт тарап көгілдір көгімдегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт тарап көгілдір көгімдегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт тарап көгілдір көгімдегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері