Бәрі орнында – Марина Цветаева

Бұл бетте «Бәрі орнында» атты Марина Цветаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1128
Бәрі орнында.
Тамсанумен жүремін,
Алыстаудың кәусарына еш қанбай.
Сүйем сізді,
солай өмір сүремін –
Қашықтықтың қатысы жоқ ешқандай.

Ұлы өнердің сізге құшақ ашты өрі,
Мойындаумен үнім де алғаш сүрінді.
Державиндей
қылшылдаған жас пері
Не қылады менің асау жырымды!

- Қош бол енді, қорқынышты сапары –
Жас қыранмын,
шырқа талмай көгіңде!
Күйдірумен шыққан ыстық атағы –
Күннен көзі қауіптірек дедің бе?

Соңыңыздан сусай қарап, үзіле,
Мендей кім бар –
ғұмыр бойы тосқандай.
Сүйем сені,
жан теңгермей ізіңе,
Уақыттың қатысы жоқ ешқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрі орнында өлеңінің авторы кім?

Марина Цветаева — осы өлеңнің авторы.

Бәрі орнында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бәрі орнында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марина Цветаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрі орнында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері