Шоқ-шоқ – Бауыржан Халиолла

Бұл бетте «Шоқ-шоқ» атты Бауыржан Халиолла жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3729
Сабылып келем әлі сағым қуып,
Тамылжып, қашан атар таңым күліп.
Жанашыр қалды ма екен маңайымда,
Жабықсам жұбататын жанымды ұғып.
Біреуге айдаһарша ысқырасың,
Біреуге арыстанша күш қыласың.
Дөкейлер келе жатса есік ашып,
Қағасың қалпағыңмен үсті-басын.
Арбайсың біреулерді ақша алуға,
Алдайсың алпауыт пен қасқаны да.
Жұртпенен жағаласып жүргеніңде,
Жұлдызың ағып түсер қас-қағымда.
Не керек, не жетпейді осы маған,
Бар сынды ауырсынбай тосып алам.
Бәлеқор, бәлесінен аулақ дейді,
Тап менен жан бар ма екен шошымаған.
Ит өмір, қашанғы енді қор қыласың,
Алдымнан өрмекшідей тор құрасың.
«Басына Сорбұлақтың сорға қондың,
Сол керек өзіңе де, сорлы басым».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шоқ-шоқ өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Халиолла — осы өлеңнің авторы.

Шоқ-шоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шоқ-шоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Халиолла өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шоқ-шоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері