Қыран

Бұл бетте «Қыран» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Төбеден сорғалаған жауынша ағып,
Қанаты бұлт оранып, дауыл қағып.
Қалпынан танбайды әсте қайран қыран,
Көрмеген ештеңеден тауын шағып.
Бойында балғын үміт, балаң желік,
Алған соң қайтсін енді далам да ерік.
Қиядан құйғып төмен құлағанда
Қалады қырағы көз әрең көріп.
Сонан соң атылады қайта аспанға,
Әдейі жаралғандай ойқастауға.
Батырлар қылыш солай сермеуші еді
Жауымен жекпе-жекте айқасқанда.
Шырқайды шаң жұқтырмай шоқтығына,
Көңілдің май құйғандай оттығына.
...Қияда қалықтаған қыран көрсем,
Қиналам қанатымның жоқтығына!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыран өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Қыран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері