Салт атты – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Салт атты» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1141
Аймалап Айдың нұры бар алапты,
бір ғажап сәуле ораған дала, бақты.
Бет алған Бөрілі жақтан бір салт атты
құйғытып Қанжиренмен бара жатты.
Жарқырап дала маңдай. Күн-жанары.
Шығыс жақ сол жанармен нұрланады.
Тұма көл жағасында тұрған маған
сәл ғана мойнын бұрып бір қарады.
Кім мынау Күндей таныс, санадай ақ?
Көз салды-мен шіркінді бара ма аяп?
«Япыр-ау, Мұхтар ағам екен ғой!» – деп,
соңынан мен жүгірдім жалаңаяқ.
Мен қалдым, ілесе алмай, түнге адасып,
жас тұнған жанарыма мұң жанасып.
Салт атты көз ұшында кете барды,
ғасырлар қақпасынан зырлап асып.
Көз тігем, оған жетер айлам қалмай,
алдымда сан асулы сайлар бардай,
…Дөңбекшіп жатыр екем төсегімде,
Алламен амандасқан Пайғамбардай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салт атты өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Салт атты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салт атты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салт атты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері