Ақыны боп қазақтың – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Ақыны боп қазақтың» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Бақыт Амангелдіұлына...
Автор.

Жолдар деген тартылады жан-жаққа,
Тағдыр деген шашылады әр жақта,
Мадридте біз сырластық Елшімен,
Испандар да тұтқын бопты «Карлагта».
Көрдіңіз бе тағдыр биік адамнан,
Әрбір тағдыр басталады қадамнан.
Елінде емес, байтақ қазақ жерінде
Испан болып мұңдар тамған жанардан!
Салмақтасып тағдыр деген тегін бе,
Ойға оралмас сапар шектім өмірде.
Испан елін көрем деген ойда жоқ,
Мен де жүрмін ұлы испан Елінде.
Таңырқатып жүрегіміз таңды ұзын,
Испандардың гүлге оранған бар қызын,
Мадридте, Барселонда, Салойда
Ізім қалды, ұмытылмас қалды ізім.
Айналайын әсер етсе саған да,
Испан жұрты әсер етті маған да.
Әр көшесі айналғандай тарихқа,
Испан елі жыр жаздырды табанда!
Жырымменен дүниеге дем берем,
Әрбір жырды қазағыма ем көрем
Қазағымның бір ақыны мен болып,
Бүгін, міне, Барселонда мен келем!

7 маусым 2014 жыл
Барселон


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыны боп қазақтың өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ақыны боп қазақтың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақыны боп қазақтың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақыны боп қазақтың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері