Мінездің сан қыры бар

Бұл бетте «Мінездің сан қыры бар» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 951
Мінездің сан қыры бар,
Жасығы албыры бар,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық тағдыры бар.
Бір-бірін танымас та,
Шыңдардың өрі таста,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық жолы басқа.
Тартады бірі жасқа,
Ал бірі – ірі жаста,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық түрі басқа!
Құйындай көңіл ұйтқып
Ал, бірін өмір ит қып
Поезбен келе жатыр
Қаншама өмір жүйткіп!
Жүрек пен жанды жиған,
Алуан сан бір иман,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық тағдыр сиған!
Алдынан нұр көреді,
Ал бірі сыр көреді,
Қанша адам бір поезда,
Бір тоқтап, бір желеді.
Бірге асты іштім деңіз,
Бір мініп, түстім деңіз,
Бар өмір бір поезда,
Поездың үстіндеміз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мінездің сан қыры бар өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Мінездің сан қыры бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мінездің сан қыры бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мінездің сан қыры бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері