Дода

Бұл бетте «Дода» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 657
Жылы жерде бой күтіп, тәттіні ішіп
баптанбаған,
болмаған әккі, пысық,
Жапан түзде мал бағып біздің қазақ
қасқырменен үйренген қақтығысып.
Қойшы атанған кейде ынжық һәм жуассың:
«Бері тарт, — деп тағыға — қанды басың!»
Қақпан құрған сойылмен жекпе-жекте
қасқыр соғып майлаған қанжығасын.
Малды ауылды торласа менмен бөрі
басталғандай қиянат сергелдеңі.
Бас тіктірген ажалға сол тағыны
дода жасап мәз болған жеңгендері.
Жекпе-жектің бітіріп шартына рух,
құмарынан шығады әркім анық
қолға түскен бөріні бір-бірінен
дода-дода болғанша тартып алып.
Шежіре етіп айтса егер мұны талмай,
бірі ерлік деп, қағады бірі таңдай,
көкбар жасап есіне алады әлі
жекпе-жегін қазағым ұмыта алмай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дода өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Дода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері