Қала қандай әдемі! Түнгі қала! – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қала қандай әдемі! Түнгі қала!» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1630
Қала қандай әдемі! Түнгі қала!
Түнгі қала құшқандай нұрды ғана.
Төбесінде мүлгиді кеудесіне
Ай қадаған көгілдір бір мұнара.
Гүлзарлары көзіңді бақтай ұрлар,
сыбырласып қыз балтыр ақ қайыңдар,
тізіледі көк терек
жүргендейін
қызды ауылды күзетіп жатпай ұлдар.
Зәулім үйлер, сарайлар сұлу қандай!
Сұлулықтың жұтасың нұрын қанбай.
Терезелер оттарын жайнатады
ар жағында бәрінің жылу бардай.
Жылу бардай, сезім мен сенім бардай,
сенгендерін өпкендей ерін қанбай.
Терезеде мынандай сәуле бар үй
дерттен айықтырардай еміңді алмай.
Ешкім күйдірмегендей, сатпағандай,
онда ешкім де қан жылап жатпағандай.
Дөңбекшіген жан жоқтай жаутаңдаған
бір адамға жүрегін ақтара алмай.
Көмкеріліп жан-жағы дәу кемермен,
түнгі қала сарайдай сәнмен өрген.
Өзін-өзі жұбатып жымыңдайды
нәр алғандай осынау сәулелерден.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала қандай әдемі! Түнгі қала! өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қала қандай әдемі! Түнгі қала! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қала қандай әдемі! Түнгі қала! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қала қандай әдемі! Түнгі қала! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері