Тамды аруы
Бұл бетте «Тамды аруы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жамалың жас көктемнің жамалындай,.
Жүрегің махаббаттың қамалындай.
Тамдының тамылжыған әнші аруы,
Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай.
Қайырмасы:
Ебелектей жел аңсаған,
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған.
Сені ойлап құлазыған құла құмдай,
Заулайды қиял қырдың құланындай.
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару,
Сол жердің мың бірінші бұлағындай.
Қайырмасы.
Ілінген ғашықтықтың құрығына,
Әнімді құрбан еттім ырымына.
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші,
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа.
Қайырмасы.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі