Қуаныш вальсі – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Қуаныш вальсі» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 3
  • 15851
Жадырап жанымыз,
Жарасып әніміз,
Болашақ бүгіннен басталғандай.
Нұр құйып көңілге,
Жол сілтеп өмірге,
Арман тұр асқақтап асқар таудай.

Қайырмасы:
А-а-ай, а-а-ай,
Қуаныш көрем көзіңнен,
Өзіңмен, жан құрбым,
Қосылды тағдырым,
Қосылған қос өзен секілденіп.

Өзің боп өлеңім
Шаттыққа бөлендім,
Сәулешім, сенімен танысқалы.
Теңізге телегей
Жол тартқан кемедей,
Бойдақтық бізден де алыстады.

Қайырмасы.

Достарсыз бұл күнде
Күн кешу мүмкін бе,
Досымыз көбейсін, келе берсін.
Жайнай бер, жасқанбай,
Мөлдір боп аспандай,
Кірлетпе көңілдің терезесін.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Нұртілеу

Отсыңгой bilim-all. kz 🔥

Қабден Ерболат Қайрптұлы

Өте жақсы мәнерлі. ҚАЙҒЫЛАРЫҢЫЗҒА ОРТАҚПЫН ЖӘНІ ЖАНАТТА ТӘҢІРІ РАҚАТТА БОЛСЫН. ИМАНЫ ЖОЛДАС БОЛСЫН

Қабден Ерболат Қайрптұлы

Өте жақсы күшті мәнерлі. Иманы жолдас болсын, тәңірі рақатта болсын, не дегенмен сөздері мінерлі қазақ еліне рух беретіндей. Менің ойымша Мұхтар Шаханов қазір тірі болғанда әлі күнге децін өлең шыүпоып жүретін еді

Осы автордың басқа өлеңдері