Мойынқұмда
Бұл бетте «Мойынқұмда» атты Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мойынқұмда ел жайлауы,
Ел жайлауы көк шалғын.
Хан тауы мен Жамбыл тауы –
Кең жайлауы достардың.
Қайырмасы:
Мойынқұмда,
Мойынқұмда,
Мойынқұмда жайлауым.
Достарымның дидары,
Жайдары, жайдары,
Ей... Ару қыздар,
Ару қыздар,
Сұлу қыздар – сырласым,
Өздеріңді құрбың жырласын!
Қалалардай сәулеті бар,
Қарабөгет, Талғабай,
Ағыл-тегіл дәулеті бар,
Шудың бойы малға бай.
Қайырмасы.
Жыр алыбы – Алатаудан
Елдің даңқын шарлатты.
Ерлері көп ер атанған
Жазылбектей ардақты.
Қайырмасы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі