Бесік жыры
Бұл бетте «Бесік жыры» атты Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Былдырлаған шат көкем.
Тілің балдай тәтті екен,
Жыламауың жақсы екен.
Бақытты елде өсерсің,
Жұлдыздардан өтерсің.
Айды шарлап кетерсің,
Әлде күнге жетерсің.
Сен өсетін жер беті –
Бақытты өмір пердесі.
Ұйықта тыныш алаңсыз,
Бейбіт елдің перзенті.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі