Қайдасың? – Нұрсұлтан Әлімқұлов

Бұл бетте «Қайдасың?» атты Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4162
Сол бір кез есімде
Жағасы бұлақтың.
Айлы жаз кешінде
Сырласқан ұзақ түн.
Сүйкімді бейнеңді
Жүректе сақтадым.
Арманым, сол жерден
Сен едің тапқаным.

Тағы да сол жерге
Оралдым қайтадан.
Әлі тұр гүлдер де,
Самал жел шайқаған.
Қол бұлғап жырақта
Тау да тұр аңсаған.
Сен жоқсың бірақ та
Қайдасың, қалқажан?!

Көруге жаралған
Сен бейне айнасың.
Өзіңсіз таба алман
Сағыныш айласын.
Көрінші, көңілге
Қуаныш жайласын.
Аңсадым жүзіңді
Қалқатай, қайдасың?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері