Ән салып тұр Алматы

Бұл бетте «Ән салып тұр Алматы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1661
Алматыма қарашы –
Ән мен күйдің қаласы.
Ән салады бүлдіршін
Қыздары мен баласы.
Ән салып тұр Алматы,
Қарсы алып тұр Алматы.
Әсем әншілеріне
Тамсанып тұр Алматы.
Сылдырайды бұлағы,
Сыбдырайды құрағы.
Терегі де теңселіп,
Әнге салып тұрады.
Құлақ түрші жайлап бір,
Алматымыз жайнап тұр.
Тамылжыта ән салып,
Бұлбұлы да сайрап тұр.
Ән салып тұр Алматы,
Қарсы алып тұр Алматы.
Әсем әншілеріне
Тамсанып тұр Алматы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән салып тұр Алматы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ән салып тұр Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән салып тұр Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән салып тұр Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері