Дүниеден өтті – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Дүниеден өтті» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2097
(Қадір Мырзалиевтің рухына)

Туған елге жарық төгіп тұратын,
Дүниеден өтті бүгін ұлы ақын.
Жанарында үйірілген тамшы жас,
Соңғы өлеңі сезім болса ұғатын.
Аянбастан қызмет қылып халқына,
Жанын қиды адал таза қалпында.
Түгендеген ұлттық арман мүдесін,
Жыры қалды мәңгілікке артында.
Оқып оны шыға алмайсың ойлардан,
Замананың бетке ұстары ойлы адам.
Көкірегіне бар түйгенін ақтарып,
Мырза-Әлі, Қадырмын – деп, қол қойған!
Жаздырмастан келер күнге сағатын,
Қайдан білген соңғы соғар сағатын.
Қаламсабы құлап жатыр жанында,
Қалдырғандай аманатқа сом алтын.
Еріксізден күрсінесің қия алмай,
Поэзия көші тоқтап қалғандай.
Шын махаббат сезіміне көндірген,
Еңбегінен тебіреніп көз алмай.
Талай балғын жас дарынға берген қол,
Елге керек тапжылмайтын ер еді ол.
Жұлдызы еді даналықтың ерліктің,
Сыр шертеді ақын өткен қиын жол.
Музасына ғашық болып арбалып,
Ішкі мұңын айтқан емес тіс жарып.
Сыйға тартты шындық ойды көркемдеп,
Бар сенгені өзі сүйген нар халық.!
Қайран ақын аласұрған теңіздей,
Қызыл тұман азабына езілмей.
Өлгенде де жоғалтпай өз мендігін,
Көрсете алып жомарт мінез кеңдігін.
Ойға батып жатырғандай көз ілмей.
Өрлігіне өзің қайран қаласың,
Жүрегінің емдемек боп жарасын.
Іздеуменен жыр дария арнасын,
Оның жаны елес болып кезгендей
Өзі туған шексіз - шетсіз даласын.
Ата жұрты көшкен жерге таңданып,
Боз жусанды жасыл қырда дем алып,
Сүйген жүрек сезімдерін жырлауға,
Келетіндей ертең қайта оралып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеден өтті өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Дүниеден өтті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеден өтті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниеден өтті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері