Өткен күнгі парақтан – Aidana_balimbetova

Бұл бетте «Өткен күнгі парақтан» атты Aidana_balimbetova жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тілім ащы болса да, жүрек тəтті,
Талай жандар үнсіз тек тілін қатты.
Қолы емес, тілі боп кісендеулі,
Жарқыраған күндер де торда батты.
Шындықты айтса басқаға болып күйік,
Көп жандар кетті емес пе отқа күйіп.
Еске алсам сол жандарды өртенеді,
Менің мына жүрегім шоққа күйіп.
Амал жоқ қашты олар жалғаннан да,
Ұсталып қалды бірақ жамандарға.
Халықтың жауы деген атты беріп,
Қамады күн көзі жоқ қамалдарға.
Ақындар, даналар да оққа ұшты,
Сырдың таза тұп тынық алабында.
Сол жандардың жалғансыз, таза қаны,
Сыр суымен біздерге тарады да,
Сондықтан да жаным күйіп, жанады да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен күнгі парақтан өлеңінің авторы кім?

Aidana_balimbetova — осы өлеңнің авторы.

Өткен күнгі парақтан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен күнгі парақтан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aidana_balimbetova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен күнгі парақтан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар