Біздің мысық – Қайрат Жұмағалиев

Бұл бетте «Біздің мысық» атты Қайрат Жұмағалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4440
Бір басуға ерініп,
Әзер-әзер ілбиді.
Күншуақта керіліп,
Күн ұзаққа мүлгиді.

Қонған шыбын-шіркейді
Қағады ол мұртымен.
Үркітеді кей-кейде
Құлағының сыртымен.

Жатады ылғи пырылдап,
Ұйқысы оның бір қанбай.
Кеудесінде дырылдап
Мотор жүріп тұрғандай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің мысық өлеңінің авторы кім?

Қайрат Жұмағалиев — осы өлеңнің авторы.

Біздің мысық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің мысық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қайрат Жұмағалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің мысық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері