Осылай боп қалады – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Осылай боп қалады» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2392
Қызды өсіріп, ер жеткізіп баланы,
Өмір шіркін заулап өтіп барады.
Бізге дейін дәл осылай болды ғой,
Бізден кейін осылай боп қалады.
Күні кеше жігіт едік жаланған,
Жан-жағына жалт-жүлт етіп қаранған.
Бірте-бірте жіңішкеріп даңғыл жол,
Шыға келді сүрлеу-соқпақ тap алдан.
Егделікке берілмегің келеді,
Кімді аяған уақыттың «елегі».
Жастық шақты сатып алар едің-ау,
Жоқ қой бірақ оның ешбір төлемі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осылай боп қалады өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Осылай боп қалады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Осылай боп қалады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осылай боп қалады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері