Қаңбақ қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қаңбақ қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1976
1
Қыз бопты бір ертеде,
Ішпейді екен тамақты.
Ысырыпты еркелеп,
Тамағы бар табақты.
Ет дегенде үрпиіп,
Тыжырына қалады.
Күннен-күнге кіртиіп,
Тұнжырапты қабағы.
Тістемепті наныңды,
Жемепті еш жидекті.
Менсінбепті балыңды,
Жаламапты, тимепті.
Айраныңды,
Сүтіңді,
Шайыңды да ішпепті.
Тілеп ерек күтімді,
Өз білгенін істепті.
Қаймақ пенен кілегей,
Сары май да жақпапты.
Секілденіп шүрегей,
Шырым ет те шақ қапты.

2
Ата-анасы қаншама
Жалыныпты, күштепті.
Қыз барынша тамсана,
Тек тәттіні тістепті.
Неше түрлі конфетің
Оған қатты ұнапты.
Жеген сайын дәндеп тым,
Бере бер деп жылапты.
Жей берген соң тәттіні,
Таңдайын тез қуырып,
Басылып қыз аптығы,
Кетіпті аузы уылып.
Жұта алмапты енді қыз
Тәтті түгіл сұйықты.
Бозарып тым өңді қыз,
Күлкісін де тыйыпты.
Қауқары да аз-ақ қап,
Сенделіпті салмақсыз.
Құрбылары мазақтап,
Депті оны «Қаңбақ қыз».
Қаңбақ десе, қаңбақтай,
Жел үп етсе, шайқалған.
Жүргеннен соң нәр татпай,
Әлсіздігі байқалған.

3
Ана бұған мән беріп,
Қызына ақыл айтыпты:
– Алғаныңша әлденіп,
Тысқа шықпа жай, тіпті.
Мезгілімен ұйықта.
Мезгілімен тамақтан.
Тәбет шапса сұйыққа,
Іш азырақ томаттан...
Бала деген бала ғой,
Айтқан сөзге көнген бе?
Аңсағаны дала ғой,
Кетіпті ойнап ол демде.
Кенет қатты құйын кеп,
Көтеріпті көк төсі.
Қыз жағдайы қиын боп,
Қысылыпты өкпесі.
Бірте-бірте аспандап,
Сіңіпті бұлт ішіне.
Екі көзден жас парлап,
Өкініпті өз ісіне.
Содан бері күліп кеп,
Қаншама жаз, өтті күз.
Аппақ-ала бұлт боп,
Мекендепті көкті қыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаңбақ қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қаңбақ қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаңбақ қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаңбақ қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері