Кисет

Бұл бетте «Кисет» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3211
Қарайлап менің жолыма
Қамқоршым болдың бір менің.
Қисетті беріп қолыма
Есіңе алып жүр, дедің.
Білмеймін сенің арқаң ба,
Жүргенім әлі оққа ұшпай,
Кисетің жүрді қалтамда
Көк жібек баулы ақ құстай.
Кеудеден отым бір сөнбей
Қелемін әлі түтіндеп.
Болмаса досым бір сендей
Қояр ед оқтар түтіп жеп.
***
Қан майданнан хат салып ем,
Қайта келді оралып.
Жаным үсіп, жапырағым түсіп,
Қалды жүрек тоналып.
Ешкім ашып оқымапты,
Жазып ем сыр он бетке.
«Жоқ» деп сені әлде біреу
Қол қойыпты конвертке.
Бар шығарсың бұл дүниеде
Жоқ шығарсың мен үшін.
Олай болса құтты болсын
Жаңа тапқан өрісің.
Келем майдан қақ терінде
Кеуде тосып мың оққа.
Мың бірінші оқ аттың сен
Жығылмаспын бір оққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кисет өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Кисет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кисет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кисет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері