Қызыл су – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қызыл су» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2664
Бір өзіне көзді аударып алғандай,
Теңізде ойнап қып-қызыл от жанғандай.
Шығанақта жатыр шалқып қызыл су,
Батар күннің бояуын ап қалғандай.
Ақ шағала — ақ орамал аспандап,
Ақ көбіктен гүл тереді қасқалдақ.
Теңіз ұлы тербетіліп толқында,
Суды еседі ескегімен қос қолдап.
Сүзеді ол судың түбін ақтарып,
Тулап түсіп қайта оршиды ақ балық.
Түркімен қызы көйлегінің түсіндей
Құбыла ойнап қызыл толқын жатты ағып.
Күн де батты, тиді бетке түнгі ызғар,
Жоталарда жанды қызыл жұлдыздар.
Ұғасың ба жағалауға шақырып
Қызыл гүлді оттай ұстап тұр қыздар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл су өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қызыл су өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл су өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл су өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар