Қаздар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қаздар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1456
Ұп-ұзын бір шыбықпен
Базарға айдап шықты Мұжық Қаздарды.
Шынын айтсам, жазған бұл
Сықпыртты-ай кеп жүнін жұлып түбіттей.
Бара жатты Мұжық шындап асығып,
(Пайда жайлы ойлағанда алайда,
Қаздар түгіл адамыңа қарай ма?)
Айыптаман асылы.
Қаздар оны өздерінше талдады,
Ұшыраған Жолаушыға жолдағы
Былайынша зарлады:
«Бізден өткен сорлы Қаздар болмады.
Қожайнымыз тырқырата қуады,
Біздерді тек жай Қаздар деп ұғады.
Қайдан білсін, оқымаған сорлы да,
Әуел бастан ардақты ғой атамыз;
Азаптайды құрметтеудің орнына,
Римді жаудан құтқарған Қаздарға біз жатамыз.
Онда тіпті, той жасаған оларға!»
«Ал, сендерде бір ерлік іс болар ма?» –
Деп сұрады Жолаушы. «Біздің ата»... «Білемін,
Оқығанмын, бірақ менің тілегім –
Не істедіңдер тиімді?»
«Арғы атамыз құтқарған ғой Римді!»
«Ал, өздерің не тындырдыңдар өзге бір?»
«Түк те емес!» «Істерің жоқ сапалы.
Ал, атаны қозғамаңдар кезде бұл,
Ерлігіне сай болған ғой атағы,
Қуырдаққа жарайсыңдар өздерің».
* * *
Мысал мәнін бұдан да ашып берер ек,
Қаздарды тек қаңқылдатып не керек?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаздар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қаздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері