Зейнеткер ұстаздарға арнау – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Зейнеткер ұстаздарға арнау» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.05.2016
  • 0
  • 1
  • 42104
Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер.

Арман жолмен болашаққа қадам бас,
Сонда қоғам саған да мін таға алмас.
Кешегі ұстаз - салиқалы қарт көрсең,
Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.

Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.

Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.

Олар сенің атаңды да оқытқан,
Олар сенің анаңды да оқытқан.
Қарайласаң солар жүрген өткенге,
Тәлім алған ағаң-дағы, әпкең де.
Солар айтар, жас көңілің сенбесе,
Саған да ұстаз - осы жандар, ендеше.

Олар да асқақ білім жолын ән қылған,
Тәлім алған талай-талай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Мектебінде шежіре етіп қалдырған.

Бірге жасап өмір-жолда мектеппен,
Өткен талай сынақтардан, өтпектен.
Бүгін, міне, шәкірттері олардың
Өздері ата, өздері әже боп кеткен.

Болашаққа өткеніңмен қадам бас,
Көрінсе де өз заманың саған жас.
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер,
Кешегі ұстаз - осы, ұрпақ, амандас.


Пікірлер (1)

Бекзат

Ғабиден Қожахметтің еңбегі көп екен, осындай азаматтарымыз көп босын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зейнеткер ұстаздарға арнау өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Зейнеткер ұстаздарға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зейнеткер ұстаздарға арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зейнеткер ұстаздарға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері