Қыз сыры – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Қыз сыры» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2016
  • 0
  • 0
  • 4102
(Бойжеткеннің өзі айтқан әңгімесіне орай, өтініші бойынша жазылған өлең. 2007 жылы жазылған)

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,
Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,
Аққу сезімімнің ән боп самғаған арман күні -
Жолықтым саған.

Көңіліңнің толқыны сайтан сезімге ерген күні,
Мынау ұлы далаға бір жаңа леп келген түні,
Менің нәзік жүрегім махаббат дүниесіне сенген күні -
Біз түсінік таппадық.

Қыз намысым абырой биігінен көрінгені үшін,
Қыз жүрегім махаббат тазалығына берілгені үшін,
Ар-намысым жеңіл ләззаттан жерінгені үшін -
Кінәладың мені.

Сенің жігіттік биігіңе сенгенім үшін,
Сене тұрып, соңыңнан ергенім үшін,
Сені бар жігіттен артық көргенім үшін -
Мен кінәлі емеспін.

Бір сені ессіз көбелектей сүйгенім үшін,
Жүректе ойнаған сезім атты күйлерім үшін,
Сенің алдыңда қыз тәкаппарлығымды игенім үшін -
Кінәла мені.

Сен жайлы құрбыға айтқан мақтаным үшін,
Түн қойнында сені ғана ойлап жатқаным үшін,
Бір сен деп көз ілмеген ақ таңым үшін -
Кінәла мені.

Саған деген тазалықтан өзге айдында жүзбегенім үшін,
Көкіректегі "менімді" жоғалтып, "біз" дегенім үшін,
Өмір толқынынан тек сені іздегенім үшін -
Кінәла мені.

Өзгелер үшін Махаббат деп аталатынымыз үшін,
Өзге жұптарға тигізер шапағатымыз үшін,
Көз жасы киелі махаббатымыз үшін -
Түсін мені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз сыры өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Қыз сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері