Алдыңдар ата-ананың ақ батасын

Бұл бетте «Алдыңдар ата-ананың ақ батасын» атты Ғабиден Қожахмет жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.08.2016
  • 0
  • 1
  • 10076
Отаудың еңсе тіктеп тағы бағы,
Ақ ниет ақ тілектен танылады.
Думаны басталды да, міне, ұлттың
Жаңа бір бой түзеді шаңырағы.

Бүр жарған сезім оты жүрегінде
Бақыт боп екі жастың тұр өңінде.
Ақ сезім, пәк махаббат тағы бүгін
Бекіді жүзік-серт боп, міне, өмірде.

Артта қап ата-ананың алаң күні,
Қош айтты қыз бен ұлдың балаңдығы.
Сезілер енді олардан бір-біріне
Шымылдық-ниеттей ақ адалдығы.

Еске сап салт-дәстүрдің жаңғырығын,
Тағы бір отау оты жанды бүгін.
Жалғайтын сендерсіңдер ертеңдерге
Өр ұлттың арман еткен мәңгілігін.

Өмірге қадам жасап аттағасын,
Алдыңдар ата-ананың ақ батасын.
Сол жолда ізгіліктен бөгде ниет
Төріне көңіліңнің аттамасын.

Несіп қып жақсылардың жүздесуін,
Сендерге қадамасын өзге сұғын.
Ұқсаң да жеті жұрттың құндылығын,
Қымбат боп тұрсын мәңгі өз бесігің.

Халқыңдай қасиетті, іргелі елдің,
Қастерлі, қадір тұтар біл дерегін.
Болмысын өзгертпесін десең ұрпақ,
Қашанда берік болсын іргелерің.

Тәңірің жолықтырмай қайғы-мұңға,
Әр шақта жол сал бақыт айдынына.
Отауың - енді өздерің қалап тіккен
Шомылсын бақ сәулелі ай нұрына!

Еске сап ерке шақтың сан қылығын,
Біліңдер адалдық деп - мәңгі ұғым.
Сезініп өзің сүйген жүрекпенен
Ұққайсың жаныңдағы жардың үнін.

Болса да махаббаттың жыры басым,
Бағасын сан сынақпен ұғынасың.
Арманы ортақ болған қос жүректің
Сезімі сол сынақта суымасын.

Тілесең орнасын деп бағың да нық,
Біріңді-бірің сүй де, жалындап ұқ.
Ақ неке, ақ ниетпен, міне, бүгін
Тағы бір отау шамы жағылды анық.

Отбасы, ең бастапқы сол - Отаның,
Ата-ана қорғаштайды балапанын.
Бір-бірін шын ұғынған екі жүрек,
Құт болсын көтерілген ақ отауың!


Пікірлер (1)

Miras

өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдыңдар ата-ананың ақ батасын өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Алдыңдар ата-ананың ақ батасын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдыңдар ата-ананың ақ батасын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алдыңдар ата-ананың ақ батасын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері