Сусамыр – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сусамыр» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2027
Айттым, саған арнармын,
Егер менен туса жыр.
Арасында таулардың
Алтын арал — Сусамыр.
Той жамылған мұз, қардан
Бізбен бірге бұлт ұшып,
Құлайды ол құздардан,
Бізбен ойға бір тұсіп.
О, Сусамыр, жолыңда
Кездесті бір атпазы.
Қыран бүркіт қолында,
Артына ерген ақ тазы.
Өз өлеңін жол айтты,
Бір шырқап, бір төмендеп,
Өз өлеңін шал айтты
Үлкен тойдан келем деп.
Асқар тауда бұлт ойнап,
Көрінбейді күндіз күн.
Келеді екен жұрт тойлап
Қырық жылдығын қырғыздың.
Айттым, саған арнармын,
Егер менен туса жыр.
Арасында таулардың.
Алтын арал — Сусамыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сусамыр өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сусамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сусамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сусамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері