Айықтырмай тұманын

Бұл бетте «Айықтырмай тұманын» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 514
Айықтырмай тұманын,
Не боп кетті мына күн?!
Көбейгендей келеңсіз
Көңілдегі күмәнім.
Көк аспанның шекпені
Түспей қойды, беу, неге?!
Бұлттың бәрі көктегі
Кіріп алды кеудеме.
Мұндай жайды кім күткен,
Ай адасқан шығар-ақ.
Күннің де өзі түндіктен
Қарамайды сығалап.
Жаңылысып қалғандай
Жаз орнына қыс келіп...
Бір ашуы бар жандай
Тұрды дала тістеніп.
Қарай бердім аспанға,
Қам көңілім зарығып.
...Күн шуағын шашқанда,
Болды бірден бәрі ұмыт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айықтырмай тұманын өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Айықтырмай тұманын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айықтырмай тұманын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айықтырмай тұманын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері