Байқоңыр

Бұл бетте «Байқоңыр» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1428
Биікке бар адамның жаны құштар,
Кез туды арғымақтың жалын ұстар.
Осылай Сарыарқаның сауырынан
Ұшады күнге қарай самұрықтар.
Қияға талпынудан қаша ма адам,
Үйренген ғажайыптар жасап әман.
Қайда да биіктікке баратын жол
Тек қана басталады осы арадан.
Арасын жалғап жатқан Аспан мен Жер,
Зымыран самғауынан жасқанған бел.
«Ең ұзақ, алыс сапар болашаққа
Тек қана осы арадан басталған» дер.
Тарихтың өзі айтады осылай деп,
Оған да куә болар Ғасыр, Ай, Көк,
Сыйдырған соның бәрін бедеріне
Аспан – бір жалтылдаған жасыл әйнек.
Бұл жерде шертіледі күй асыға,
Ән болып жусаны да, миясы да.
Қырандар қияға ұшып кеткенімен,
Жатады қайта қонып ұясына.
Бас иіп адамзатқа дүлей мекен,
Қырандар сенде ғана түлейді екен.
Өзінен ұшқан құстың балапанын
Байқоңыр «сау келсін» деп тілейді екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байқоңыр өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Байқоңыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байқоңыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байқоңыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері