Әбестік

Бұл бетте «Әбестік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 795
Ашулы едім.
Қарағайдың
Қарсы біткен
Қайсар бұтағынан жасаған
Садағымның жағын
Құлдың мойнындай еңкейтіп,
Адырнасын
Махамбет айтқандай
Алаөгіздей мөңіретіп,
Қозы жауырын жебемді
Қорамсақтан алып
Ашу- ызамның
Уытына малып,
Аспанға қарай
Атып жібердім.
(Күлдей қабардым,
Түндей түнердім.)
Атып жібердім!
Жыландай созылып
Ысқырған жебем
Заулаған бойда
Аспанда қалқыған
Бір шөкім
Аппақ бұлтқа
Денеге кіргендей
Кірш етіп қадалды.
Мұндайды күтпеген
Әп- сәтте
Өрт шалып санамды,
Ойым шырмалды,
Жаным қиналды.
Көзімді
Ашып- жұмғанша
Бір шөкім
Сол бір
Аппақ бұлтты
Қып- қызыл
Қан жауып кетті.
Онсыз да
Қабарған бетті
Өрт- жалын өпті.
Бір сәтте
Жүндей түтіліп,
Балшықтай езілдім.
Сұмдық бір
Үрей сезіндім...
... Құдай- ау,
Не істеп, не қойдың,
Сор басым! –
Қанға боялған
Қалқыған ақ бұлт
Өзімнің
Үмітім болмасын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбестік өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әбестік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбестік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбестік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері