Cәттіғұл бейітінің басында – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Cәттіғұл бейітінің басында» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2021
Сапырған мұхит, теңіздер
Топанның қалмыш сарқыны.
С. Жанғабылұлы

Кетпек болып тәу етіп атты бұрдым,
Қапты бір мұң.
Қабақты жапты кірбің.
Жатты жырдың моласын шағыл басып:
"Қалмыш сарқын топаннан" — Сәттіғұлдың.
Көресіні әлі сан көре жатам. —
Жебір құмға жем бопты Өлең - Атам.
Айыр інген, жабуын жапқан бота:
Құм жамылған титімдей кереге там ...
Қыз қасынып кеткесін, ұл басынып,
Қарағасын ойсыз жұрт жырға сұлық,
Көрге сіңген ақынның сүйегіндей
Моласы да бара ма құмға сіңіп?!
Ер - азамат тірлігі күн үшін бе? —
Не боп жатыр, білмей ме,
Құм ішінде?!
Жоқтаушысыз қалған ба, қайран баба,
Он перзентін жоқтаған тірісінде!? 
Жер ғой бұл да жайнайтын ексе гүлдер,
Ексе гүл — жер тірілер, тексеріңдер.
... Өлі ақынның арса - арса қолдарындай
Құм ішінен қол созды сексеуілдер.
Дейтін сынды: бар болса жаршылар шын,
Құм қапастан асылын аршып алсын. —
Сәттіғұлдың жырының мақамындай
Уілдейді мұңды жел әлсін - әлсін.

24.10.1987 ж.
Тұщықұдық—Айдар Ишан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Cәттіғұл бейітінің басында өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Cәттіғұл бейітінің басында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Cәттіғұл бейітінің басында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Cәттіғұл бейітінің басында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері