Жастықтың жазғы жұртында – 2

Бұл бетте «Жастықтың жазғы жұртында – 2» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1347
Ізіне қарап кей-кейде жасармай ма адам? —
Алматы барсам —
Арзу боп Алашұлына —
Жастық шағыма сатқындық жасардай болам,
Бір соқпай кетсем КАЗГУ - дің қалашығына.
Үлкеннің сөзін ұлықтап тыңдайтын ұл ем,
Ұстазды көрдік — жаттаған жөргекте есімін ...
Сан рет қалдық сабақтан,
Тынбай түнімен
Ұлтымыз жайлы Арманның тербеп бесігін.
Шәйір атанып,
Шығардай жырыңды ап құзға,
Бебеулететін безгектей бойымызды — арман.
Мына жерде алғаш сыр айттық сыбырлап қызға,
Ал мына жерде — үйлену тойымыз болған.
Қалпында сол бір әлі де қарагөз-көрік,
Қара бұрымды бұлақтар бас алып көктен,
Жыл өткен сайын қалашық барады өзгеріп,
Алатау — жастық әнінен жасарып кеткен.
Ізіңді басып қаптаған қарағай - ұлдар,
Әнімді жазып қалыпты парақтай — жалған.
Саусағын сипап өсірген бала қайындар,
Мықыны жуан — қол жетпес дараққа айналған
Күнекей - шыңның нұрына тұр тойып көктем,
Мен еккен талдар қарайды түсініп маған.
Титтей боп келіп бір кезде — үлкейіп кеткем,
Үлкен боп келіп ал, қазір — кішіріп қалам.
Уылжиды алма —
Тентектер үзгеннен қалған,
Өкшелеп қуған толқындар — бәйге ғой бұл бір.
Үйретіп жатыр әндерді біздерден қалған —
Баяғы бұтағындағы ай көмей бұлбұл.
Сезімді жүрме шық тамған теріске жорып,
Жастықтың кешкем бұл жерде жылап тұнығын.
Тазарып тұрмын қайтадан періште болып,
Елес боп ұрып —
Жердегі жұмақ - ғұмырым.
... Қала — кеш кіріп,
Тау жақтан жанады ескі үміт,
Жарқ етті жатақханалар — аруға түрме.
Жәутеңдеп тұрмын...
Шулы әндер қалады естіліп,
Біздерге, бірақ, болмайды қалуға түнде ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастықтың жазғы жұртында – 2 өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Жастықтың жазғы жұртында – 2 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастықтың жазғы жұртында – 2 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастықтың жазғы жұртында – 2 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері