Қара ағаш

Бұл бетте «Қара ағаш» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2052
Мынау — бала шағым өткен тау еді,
Тау әуені қылды тағы шала мас.
Жан сырласым тірі екен ғой! — әуелі
Қара ағашқа сәлем бермеу жарамас.
Айналайын, табыстырған тағдырдан,
Сол күйінде тұр табиғат мұрасы.
Талай менің мейірімді қандырған,
Тартылған тек түбіндегі тұмасы...
Мауық басып зауықтасып алайын,
Аласұрмай сәл сабыр ет, тұз желі.
Қара ағаштың айғыздапты-ау самайын —
Ақпандар мен Шілделердің іздері...
Қара ағаштың құс таңдайлы парағы
Ғұмырымның қойыпты әнін өрнектеп.
Сезімімнің Нұрдан да Өткір Жанары
Жапырақтан Жазуларды терді ептеп.
Оқып едім әлгі Тылсым Жазуды —
Тасты жарған талайымды таныдым.
Сипап көрсем дініндегі әжімді,
Бұлқынды-ай кеп тереңдегі тамырым.
Қадалып кеп тұрдым біраз бадалып,
Парақтардан көп елесті аршып ап.
Қара ағаштың бұтағынан — қарамық
Қара тасқа жатты тырс-тырс тамшылап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара ағаш өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қара ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері