Әкені сағынамын – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Әкені сағынамын» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2257
Әкем дүние салды...
Артында бір шаңырақ – бір үй қалды.
«Сырқатым бар» деуші еді сыпайылап,
Көзін жұмбай, тіріде кім иланды?..
Алтын нарқын кім сезген «кеш білем» деп,
Ал асылдар ойлай ма «ескірем» деп?
Төсек тартып қалды әкем талай рет,
Ауырғанын ыңырсып естігем жоқ.
Кім әкесін өлімге қия алады?
Тұрды әкемнің қаңырап үй-орманы.
Жемге кеткен қарлығаш қайта оралмай,
Қызылшақа біз қалдық ұядағы.
Біз қозы едік...
Марқаймай кешігеміз,
Қатты қорықтық тудық деп несіне егіз.
Айналайын заңынан табиғаттың,
Бір түп көде бар екен – несібеміз!
Шөп тасыған таңменен бірге тұрып,
Бір самаурын шай ішіп, бір кекіріп.
Қашарымыз өлгенде қабақ шытпай,
Қамыты сынса колхоздың жүрді өкініп.
Жалап-жеген колхоздан кәні емес ең,
Жалап-жеген қулармен және егес ең.
Қайран әке, мінезің қызық еді,
Бала емес ең, әрине, дана емес ең.
Жалған бітті...
Жарқ етті лағыл арың,
Жарығыңа зәрумін, жанығамын.
Сағынамын, әке, мен сағынамын,
Әке болып қалыппын, не қыламын?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкені сағынамын өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Әкені сағынамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкені сағынамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкені сағынамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері